×
Ұйымдар тізімі
Өзін-өзі бағалау -2024-2025 оқу жылы
Мектеп қызметкерлері
Өзін-өзі бағалау
Жаз
10 шілде Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» алаңы «Астана деп соққан жүрегім» тақырыбында іс шара өткізді. Балалар Астанаға виртуалды саяхат жасап зәулім ғимараттар туралы мағлұмат алды.
5 шілде Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» алаңы «Астанам-бас қалам» тақырыбында шағын концерт өткізді. Балалар өлең оқып, ән айтып, флешмоб биледі.
4 шілде Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» алаңы «Достық күнін» өткізіп, әртүрлі ойындар арқылы балаларды қызықтырды.
3 шілде Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» алаңы ІІ маусымынашық деп жариялап өз жұмысын бастады.
06.06.2023 күні Қарашілік ауылының ЖОББМ жанындағы Айгөлек аланында «Орнынды тап» қимылды ойындар ойнатылды. Балалар белсене қатысты.
05.06.2023 күні Қарашілік ауылының ЖОББМ жанындағы Айгөлек аланында «Табиғатты аялайық» атты суреттер сайысы өткізілді. Балалар белсене қатысты.
02.06.2023 күні Қарашілік ауылының ЖОББМ жанындағы Айгөлек аланында «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты іс -шара өткізілді. Балалар белсене қатысты.
Жазғы демалыс кезінде мектеп жұмыспен қамтылған
Қарашілік ауылының ЖОББМ-де 26.05.2022-17.06.2022 аралығында Жазғы мектеп жұмыс істеді. Жазғы мектеп оқушыларға жекеленген оқу пәндері бойынша білімдерін толықтыруға көмектесті.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 21 маусым күні «Қош бол, Айгөлек» тақырыбында қоштасу өтті.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 14маусым күні «Лагерь аруы - 2022» тақырыбында қыздар арасында байқау өтті.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 15 маусым күні «Біз араншыл баламыз!» тақырыбында Бурабайға саяхат жасадық!
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 10 маусын күні «Ақыл ой империясыі» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 9 маусым күні «Балаларға күлкі сыйлайық» тақырыбында ертеңгілік өтті.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 7 маусым күні «Түрлі – түсті бантиктер» тақырыбында ертеңгілік өтті.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 6 маусым күні «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында балалар қуыршақ театрын қойды.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 3 маусым күні «Егемен елдің белгісі» тақырыбында ертеңгілік өтті.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 2 маусым күні «Танысайық бәріміз, бір болайық» тақырыбында тренингтер өтті.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 1 маусым күні « Бурабай балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбында салтанатты ашылуы өтті.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 26 мамырдан бастап 18 маусымға дейін жазғы мектеп жұмыс істеді. Ата -аналар ұсынысы бойынша математика, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен сабақтар өтті. Жазғы мектепке 9 оқушы қатысты. Сабақтың үстінде математикадан З.А. Исмаилова, орыс тілі және әдебиетінен К.С. Абильдина, ағылшын тілінен Н.К. Аубакирова әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білімдерін толықтырды. Ата-аналардың пікірі бойынша жазғы мектепте балалар меңгермеген тақырыптарды түсініп өз білімдерін бекітті.
11 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Біз арманшыл баламыз» атты күн болды. Балалар өздерінің армандарын айтып, қағаз бетіне түсірді.
10 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Кім болам?» атты күн болды. Балалар болашақта кім болатынын және қазіргі жаңашыл мамандық туралы әңгіме жүргізілді.
9 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «ертегілер әлемінде» атты күн болды. Балалар өздерінің сүйікті ертегілерін бір-біріне қызықты қылып айтып берді.
8 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Кітап-біздің досымыз»атты күн болды. Балалар кітапханадан өздеріне ұнаған кітаптарын алып оқып, өз ойларымен бөлісті.
7 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде табиғат алаңына саяхатқа шықты.
2 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Достық күні» өтті.
3 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Ескерткіштер-тарих қорғаушылары» атты күн болды.
Оқуға құштар мектеп
Қарашілік ауылының ЖОББ мектеп кітапханасында “Балалар кітапханасы” жобасы аясында, үзіліс кезінде кітапханашы Д.И. Бралинова бастауыш сынып оқушылармен 20-минуттық кітап оқу ұйымдастырды.
Қарашілік ауылының ЖОББМ TopIQ оқулықтар платформа арқылы 5 сыныпта Информатика пәнінің мұғалімі А.Е. Жабағалиева сабағын өткізді. Сабақ барысында TopIQ платформа бойынша тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды.
1-9 сынып оқушыларына арналған Қарашілік ауылының ЖОББ мектеп кітапханасынан оқуға ұсынылатын кітаптар.
Қарашілік ауылының ЖОББ мектеп кітапханасында “Балалар кітапханасы” жобасы аясында «Тілім - халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін ұйымдастырудағы мақсат патриотизмді тәрбиелеу және өз Отанына, халқына деген мақтаныш сезімін ояту.
4.12 күні Карашілік ауылының ЖОББ мектебінің 10 - сынып оқушыларымен “16 Желтоқсан -Тәуелсіздік күні “ мерекесіне орай “Ұлттық рух- тәуелсіздік тірегі” атты сынып сағаты өтті.
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай "16 желтоқсан ұмытпаймыз..." атты қабырға газеті, "Айбыны асқақ, тұғыры биік - Тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесі және мектеп фойесінде "Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздік бастауы" атты стенд ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы ата бабамыздың ерлігін жастарға үлгі ету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі қалыптасу тарихына шолу жасау. Тарих пән мұғалімі Қ.А. Жуманов оқушыларға желтоқсан оқиғасы бойынша қысқаша мағлұмат берді. Кітапханашы Д.И.Бралинова кітап көрмесімен таныстырды.
Қарашілік ауылының ЖОББМ «Оқуға ұштар мектеп» жобасы аясында жұмыстар жалғасуда.
Биыл жазушы, журналист, қазақ әдебиетіне шытырман оқиғалы детектив жанрын алып келген қарымды қаламгер Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы. Осы мерейтойлы күнге орай Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында «Кемел Токаев- детектив жанрының дарабозы» атты тақырыпта кітап сөресі және қабырға газеті ұйымдастырылды.
Қарашілік ауылының ЖОББМ "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, кітап оқуға баулу мақсатында кітапханашы Д.И. Бралинова 4 сынып оқушыларымен күбірлеп оқу өткізді.
Қарашілік ауылының ЖОББМ *Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында кітапханада Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жылдығына арнайы кітап сөре және қабырға газеті рәсімделді.
Оқуға құштар мектеп
"Жаңа кітаптар ағымы"
Қарашілік ЖОББМ-де кітапханашы Д.И. Бралинова "Ұлы Жеңіске - мәңгілік тағзым" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлы Жеңістің маңызы туралы мағлұмат беру; Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; Тарихи тағылым беру; Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін оятып, елжандылыққа, отан-сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу.
Қарашілік ауылының ЖОББМ-нің оқушысы Кангужинова Әдемі "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған "Мағжан оқулары" аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырылған аудандық мәнерлеп оқу байқауына қатысты.
Қарашілік ауылының ЖОББМ "Оқуға құштар мектеп жобасы аясында бастауыш сыныптарда"Кітап оқы, оқы және оқы" атты бастауыш сынып мұғалімдері сабақ барысында және үзілісте дауыстап және ызыңдап кітап оқу өткізді.
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында бастауыш сынып оқушыларымен "Кітап емханасы" атты ақция өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды кітапты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу. Ұйымдастырушы Д.И. Бралинова.
Қарашілік ауылының ЖОББМ "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап ең қымбат сыйлық" атты акция жалғасуда. Қазақ тілі пән мұғалімі Кунсулу Т. мектеп кітапханасына әдеби кітаптар сыйлады.
10 наурыз күні Қарашілік ауылының ЖОББМ-нің оқушысы Орынбай Айзере балалар әдебиетінің ақыны Ескен Елубаевқа арналған "Көркем сөздің ақ желкені" аудандық оқырман байқауына қатысты. Жетекшісі Д.И. Бралинова.
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханашы Д.И. Бралинова 6,7 сынып оқушыларына Қазыбек бидің 355 жылдығына арналған бейне жазба көрсетіп өмірбаянымен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп кітапханасында қабырға газетін ұйымдастырды.
«Отбасымен бірге оқимыз»
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қарашілік ауылының ЖОББМ-нің 6-сынып оқушылары Кангужинова Адема және Закрина Жасмин өздері оқып ұнатқаннан кейін 6-9 сынып оқушыларына "Херри Поттер" атты кітабын оқуға ұсынды.
«Қыста оқимыз»
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында 2-7 сынып оқушылары Тәуелсіздік күніне арнап өлеңдер мәнерлеп оқыды. Ұйымдастырушы кітапханашы Д.И. Бралинова
Қарашілік ауылының ЖОББМ оқушылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханаға жаңа түскен "Херри Поттер" атты кітаптарын қызығушылықпен оқиды.
Қарашілік ауылының ЖОББМ-нің 4-сынып оқушысы Исаева Малика "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында орыс жазушысы С.Я. Маршактың 135-жылдығына арналған "Радуга-дуга" өлеңін оқып аудандық мәнерлеп оқу сайысына белсенді қатысты. Дайындаған орыс тілі пәні мұғалімі Абильдина Кульмайда Сапарбекқызы және кітапханашы Бралинова Динар Ибрагимқызы
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында "Оқуға құштар мектеп жобасы аясында Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Республика күні мерекесіне арналып ұйымдастырылған «Қазақстан мемлекеттілігі» атты кітап көрмесімен 6-сынып оқушылары таныстырылды
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп фойесінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балаларға арнайы бұрыш орнатылған. Көрнекті ауылынан келіп оқитын оқушылар осы бұрыштағы ертегі, әңгімелерді қызығушылықпен оқиды(мектеп автобусын күтіп отырған уақыт аралығында)
"Оқуға құштар мектеп"
Қарашілік ауылының ЖОББМ-де "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп фойесінде арнайы стенд рәсімделді
Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде бірінші қабатта "Оқуға құштар мектеп" бұрыш ұйымдастырылды
Қарашілік ауылының ЖОББМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Д.И. Бралинова 6 сынып оқушылармен «Ашық аспан астыңда оқырман залы» атты акциясын өткізді.
"Мектепке кітап сыйла" акция жүргізілуде
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беру мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен «Менің болашақ мамандығым» атты тренинг-сабақтар сериясы өтті . Педагог- психолог Маткенова К.С. оқушылармен Е.А. Климовтың «5-сферасы» және А.Е. Голомшток «Қызығушылық картасы» тестерін өткізді. Сонымен қатар, қазіргі кезде таңымал, жаңа, қызықты мамандықтар туралы тренинг-жаттығулары өткізілді.
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде кітапханашы Д.И. Бралинова "Телефонды таста, оқуды баста" атты акциясын өткізді. Акцияға орта және жоғары буынның сынып оқушылары қатысты. Олар мектеп оқушыларын телефонды салып қойып, кітап таңдап, оны оқып бастауға шақырды.
Қарашілік ауылының ЖОББМ-де «Smart бала-2022» сайысы өтті. Сайыстың үшінші кезенде «Оқұға құштар мектеп» жобасын насихаттау мақсатында оқушыларға мәнерлеп оқуға әр түрлі шығармалары берілді. Балалар берген шығарманы оқып, түйіндісін айтты және сұрақтарға жауап берді.
Қарашілік ауылының ЖОББМ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үзілісте 20-минуттық оқу» атты акциясы өтті.
Қаңтардың 27-ші жұлдызында Қарашілік ауылының ЖОББМ-де 9-сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы Д.И.Бралинованың ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 - жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынов - ұлт жанашыры" атты дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар Ахмет Байтұрсынов туралы мәліметтер оқып, сұрақтарға жауап берді. Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Президент ұсынған 30 кітап» атты қабырға газеті безендірілді.
Қарашілік ауылының ЖОББМ “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Үзілісте 20 минуттық оқу” акциясы жүргізіліп жатыр
В библиотеке школы к 180-летию со дня рождения писателя и просветителя Ы.Алтынсарина в рамках проекта «Читающая школа» была оформлена книжная выставка «Ұшталған қалам».
8 сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» республикалык жобасы аясында Олжас Сулейменовтың 85 жылдық меретойына «Ұлы даланың – ұлы тұлғасы» атты бейнежазба дайындап ұсынды.
"Әскери кітаптардың мұқабасын қайтала" букчеленджі
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Жеңіс күніне арналған "Қанмен жазылған кітап" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қазақстан жазушылары» атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашы Д.И. Бралинова ұйымдастырылған "Телефонды тастап, оқуды баста" атты ақция болып жатыр. Оқушылар өз қалаулары бойынша акцияға қатысып, басқа балаларды кітап оқуға шақырады.
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында жоспар бойынша «Ертегілер әлемі» және «Кітап – өмір ұстазы» атта кітап сөрелер ұйымдастырылды
XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсына қатысып, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 3-орын алған жеңімпазымыз Қарашілік ауылының жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қадірбаева Фаризаны құттықтаймыз! XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсында оқушысын сапалы дайындағаны үшін жетекшісі Махабанова Күлшат Аманжоловнаға алғыс білдіреміз!
XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсына қатысып, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 2-орын алған жеңімпазымыз Қарашілік ауылының жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Орынбай Жанеркені құттықтаймыз! XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсында оқушысын сапалы дайындағаны үшін жетекшісі Махметова Кунсұлу Тобетовнаға алғыс білдіреміз!
XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсына қатысып, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 1-орын алған жеңімпазымыз Қарашілік ауылының жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Мукашева Аделяны құттықтаймыз!
7 сәуір - Қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл. Соған орай Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Д.И. Бралинова 6 сынып оқушыларымен К. Әбдіқадыровтың "Қажымұқан" атты повестінен ұзынды дауыстап оқу өткізді.
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Д.И. Бралинова 22 наурыз мерекесіне орай оқушылардың қызыгушылығын ояту мақсатында «Ұлыстың ұлы күні» атты викторина дайындап өткізді.
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында «Ұлттық мереке – ұлттық болашағы» атты кітап және суреттер сөрелері ұйымдастырылды.
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр патшалығының алыбы – Жамбыл» атты қабырға газаті рәсімделді.
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жыр патшалығының алыбы - Жамбыл" атты қабырға газеті рәсімделді. Д.И.Бралинова
2020-2021 оқу жылының Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі кітапханасының "Оқуға құштар мектеп" жобасы борйынша жоспар
Қарашілік орта мектебінің кітапханасында 1-сынып оқушыларына арналған «Мен кітаппен өмір есігін ашамын!» атты саяхат ұймдастырылды.
Мектеп кітапханашысы Д.И. Бралинова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған жаңа көркем шығармаларға бейне шолуды дайындады.
Қарашілік орта мектебінің кітапханасында интернет желісіне шыға алатын ноутбуктар іске қосылды.
Кәсіптік бағдарлау
Тәрбие жұмысы
07.09.2026
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық сынып сағаты
1 қыркүйек 2026 жыл 1-11сынып оқушылары арасында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы және Қазақстан Республикасының Конституциясы тақырыптарына арналған сынып сағаты өткізілді.Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің басты құндылықтары, азаматтық жауапкершілік, қоршаған ортаны қорғау және туған...
04.09.2026
1 қыркүйек – Білім күні!
/public/files/2026/9/4/040926_184257_1-yrkyek-blm-kn.pdf
07.04.2026
Кітап — білім бұлағы! Халықаралық балалар кітап күніне орай кітапханада арнайы қабырға газеті рәсімделді
07.04.2026
2 сәуір күні 3-сынып оқушылары еңбекке баулу сабағында ерекше белсенділік танытты. Сабақ барысында оқушылар өз қолдарымен алжапқыш тігіп, тігін өнерінің алғашқы дағдыларын меңгерді. Бұл жұмыс олардың ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және еңбекқорлыққа баулуында маңызды рөл атқарды.
07.04.2026
31 наурыз "Досболайық" бағдарламасы аясында Щучье қаласында мәдениет үйінде бастауыш сынып оқушыларымен «Бременс музыканттары» театр қойылымына бардық. Театр – оқушылардың рухани дамуына үлкен әсер етіп, танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Оқушылар қойылымды ерекше қызығушылықпен тамашалап, кейіпкерлердің достық, бірлік және батылдық туралы әрекеттерінен жақсы әсер алды. Театр өнері арқылы балалардың эстетикалық талғамы дамып, өнерге деген сүйіспеншілігі артты. Мұндай мәдени іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді.
07.04.2026
18 наурыз күні республикалық "Абай оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтіп, мектебімізден сайысқа 10-сынып оқушысы Дәкібай Нұржігіт “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша қатысып, 1 - орынды иеленді. Нұржігітке алдағы уақытта биіктерді бағындырып, жүзден жүйрік атана берсін демекпіз.
07.04.2026
18 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Концерт барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, ән шырқап, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Әсем әуен мен көркем қойылымдар көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл мерекелік кеш – халқымыздың бірлігі мен татулығын, береке-бірлігін насихаттайтын жарқын шара болды. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен амандық тілейміз!
07.04.2026
Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің 3-сынып оқушылары 18 наурыз күні өткен “Бурабай дарындары”атты аудандық байқауға қатысып, 1-орынға ие болды. Жеңімпаз қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз
07.04.2026
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мектебімізде ұлттық спорт түрі қазақша күрестен жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа мектеп оқушылары қатысып, өзара күш сынасты. Сайыс барысында қатысушылар ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетіп, ұлттық спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Тартысты өткен белдесулерде жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
28 кг. салмақта:
07.04.2026
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебімізде «Заң мен тәртіп» айлығы шеңберінде «Интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында бейнероликтер көрсету арқылы түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға интернет желісін қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтерді қорғау, әлеуметтік желідегі мәдениетті қарым-қатынас сақтау және кибербуллингтің алдын алу туралы ақпарат берілді. Бейнероликтер арқылы интернеттің пайдасы мен зияны түсіндіріліп, оқушыларға желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырып бойынша пікір алмасты. Мақсаты – оқушылардың интернет кеңістігін дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру.
07.04.2026
Заң мен тәртіп" акциясына орай мектебімізде 5–7 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында әңгімелесу өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Мақсаты – оқушылардың заңға деген құрметін қалыптастыру, жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету және құқықтық мәдениетін дамыту.
24.02.2026
Оқушыларға "Жол апатына жол бермеңіз! Балалардың өмірін сақтайық! Киберқауіпсіздік , “ Жемқорлыққа жол жоқ” т.б тақырыптарында видеофильмдер көрсетілді.
24.02.2026
Мектебімізде «Ауған соғысы – біздің есімізде» тақырыбында арнайы ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды. Бұл бұрышта Ауған соғысының тарихы, сол кезеңдегі оқиғалар мен жауынгерлердің ерлігі туралы мәліметтер ұсынылды.
24.02.2026
Мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай салтанатты саптық жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға Ауған соғысының тарихы мен оның зардаптары туралы мәлімет берілді.
24.02.2026
10 ақпан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Ауған соғысына қатысқан, Көрнекті ауылының тұрғыны Рахимов Болат Балташұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында қонақ өз өмір жолы мен әскери борышты өтеу кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елін сүюге, ерлік пен батырлықты құрметтеуге тәрбиелеу жөнінде тағылымды ойларын айтты.
24.02.2026
10-сынып оқушыларына арналған «Хулиганка» қысқаметражды фильмі көрсетілді. Фильмнің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, жағымсыз әрекеттердің салдарын ұғындыру.
24.02.2026
5 ақпанда 7-сыныпта «Кітап бетбелгілері емес» атты фильм көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – фильмді талқылау арқылы оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, өмірлік жағдайларды саралай білуге және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
11.02.2026
22 қаңтар күні Қарашілік ЖОББ мектебінде 10–11 сынып оқушылары арасында «Қаржы сақшысы» атты қаржылық қауіпсіздікке арналған компьютерлік ойын өткізілді. Ойын барысында оқушылар қаржылық алаяқтық түрлерімен танысып, жеке деректерді қорғау, қауіпсіз онлайн төлем жасау және қаржыны дұрыс басқару бойынша маңызды білім алды. Интерактивті формат оқушылардың қызығушылығын арттырып, қаржылық сауаттылықты тәжірибе арқылы меңгеруге мүмкіндік берді.
↑