Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебімізде «Заң мен тәртіп» айлығы шеңберінде «Интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында бейнероликтер көрсету арқылы түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға интернет желісін қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтерді қорғау, әлеуметтік желідегі мәдениетті қарым-қатынас сақтау және кибербуллингтің алдын алу туралы ақпарат берілді. Бейнероликтер арқылы интернеттің пайдасы мен зияны түсіндіріліп, оқушыларға желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырып бойынша пікір алмасты. Мақсаты – оқушылардың интернет кеңістігін дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру.

07.04.2026


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу