Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай "16 желтоқсан ұмытпаймыз..." атты қабырға газеті, "Айбыны асқақ, тұғыры биік - Тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесі және мектеп фойесінде "Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздік бастауы" атты стенд ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы ата бабамыздың ерлігін жастарға үлгі ету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі қалыптасу тарихына шолу жасау. Тарих пән мұғалімі Қ.А. Жуманов оқушыларға желтоқсан оқиғасы бойынша қысқаша мағлұмат берді. Кітапханашы Д.И.Бралинова кітап көрмесімен таныстырды.