1 қыркүйек – Білім күні!

07.09.2026

Қарашилик ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 1–11 сынып оқушыларына арналған «Білім күні» мерекелік лездемесі өткізілді.Мерекелік шара барысында 1-сыныптың бүлдіршіндері өздерінің әсем өлеңдерін оқып, 11-сынып оқушылары оларға жылы лебіздері мен ақ тілектерін арнады. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушысы Жаңбырбай Назыммен 11-сынып оқушысы Дакибаев Нұржігіт «Алғашқы қоңырау» рәсіміне қатысып, ерекше әсерлі сәттің куәсі болды.Шара барысында оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әсерлі сәттер мен жүрекжарды тілектер айтылып, жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күймен қадам басуға жол ашылды.Барша ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге, биік белестерге, шығармашылық табыстарға және жарқын жеңістерге толы болсын!Білімге ұмтылған әр қадам – болашаққа бастар нық қадам! 



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу