Ұйымдар тізімі
-
Өзін-өзі бағалау -2024-2025 оқу жылы
-
Мектеп қызметкерлері
-
Өзін-өзі бағалау
-
Жаз
-
10 шілде Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» алаңы «Астана деп соққан жүрегім» тақырыбында іс шара өткізді. Балалар Астанаға виртуалды саяхат жасап зәулім ғимараттар туралы мағлұмат алды.
-
5 шілде Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» алаңы «Астанам-бас қалам» тақырыбында шағын концерт өткізді. Балалар өлең оқып, ән айтып, флешмоб биледі.
-
4 шілде Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» алаңы «Достық күнін» өткізіп, әртүрлі ойындар арқылы балаларды қызықтырды.
-
3 шілде Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» алаңы ІІ маусымынашық деп жариялап өз жұмысын бастады.
-
06.06.2023 күні Қарашілік ауылының ЖОББМ жанындағы Айгөлек аланында «Орнынды тап» қимылды ойындар ойнатылды. Балалар белсене қатысты.
-
05.06.2023 күні Қарашілік ауылының ЖОББМ жанындағы Айгөлек аланында «Табиғатты аялайық» атты суреттер сайысы өткізілді. Балалар белсене қатысты.
-
02.06.2023 күні Қарашілік ауылының ЖОББМ жанындағы Айгөлек аланында «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты іс -шара өткізілді. Балалар белсене қатысты.
-
Жазғы демалыс кезінде мектеп жұмыспен қамтылған
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ-де 26.05.2022-17.06.2022 аралығында Жазғы мектеп жұмыс істеді. Жазғы мектеп оқушыларға жекеленген оқу пәндері бойынша білімдерін толықтыруға көмектесті.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 21 маусым күні «Қош бол, Айгөлек» тақырыбында қоштасу өтті.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 14маусым күні «Лагерь аруы - 2022» тақырыбында қыздар арасында байқау өтті.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 15 маусым күні «Біз араншыл баламыз!» тақырыбында Бурабайға саяхат жасадық!
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 10 маусын күні «Ақыл ой империясыі» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 9 маусым күні «Балаларға күлкі сыйлайық» тақырыбында ертеңгілік өтті.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 7 маусым күні «Түрлі – түсті бантиктер» тақырыбында ертеңгілік өтті.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 6 маусым күні «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында балалар қуыршақ театрын қойды.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 3 маусым күні «Егемен елдің белгісі» тақырыбында ертеңгілік өтті.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 2 маусым күні «Танысайық бәріміз, бір болайық» тақырыбында тренингтер өтті.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 1 маусым күні « Бурабай балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбында салтанатты ашылуы өтті.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 26 мамырдан бастап 18 маусымға дейін жазғы мектеп жұмыс істеді. Ата -аналар ұсынысы бойынша математика, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен сабақтар өтті. Жазғы мектепке 9 оқушы қатысты. Сабақтың үстінде математикадан З.А. Исмаилова, орыс тілі және әдебиетінен К.С. Абильдина, ағылшын тілінен Н.К. Аубакирова әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білімдерін толықтырды. Ата-аналардың пікірі бойынша жазғы мектепте балалар меңгермеген тақырыптарды түсініп өз білімдерін бекітті.
-
11 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Біз арманшыл баламыз» атты күн болды. Балалар өздерінің армандарын айтып, қағаз бетіне түсірді.
-
10 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Кім болам?» атты күн болды. Балалар болашақта кім болатынын және қазіргі жаңашыл мамандық туралы әңгіме жүргізілді.
-
9 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «ертегілер әлемінде» атты күн болды. Балалар өздерінің сүйікті ертегілерін бір-біріне қызықты қылып айтып берді.
-
8 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Кітап-біздің досымыз»атты күн болды. Балалар кітапханадан өздеріне ұнаған кітаптарын алып оқып, өз ойларымен бөлісті.
-
7 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде табиғат алаңына саяхатқа шықты.
-
2 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Достық күні» өтті.
-
3 маусым «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда және «Арай» тілдік мектебінде «Ескерткіштер-тарих қорғаушылары» атты күн болды.
-
Оқуға құштар мектеп
-
Қарашілік ауылының ЖОББ мектеп кітапханасында “Балалар кітапханасы” жобасы аясында, үзіліс кезінде кітапханашы Д.И. Бралинова бастауыш сынып оқушылармен 20-минуттық кітап оқу ұйымдастырды.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ TopIQ оқулықтар платформа арқылы 5 сыныпта Информатика пәнінің мұғалімі А.Е. Жабағалиева сабағын өткізді. Сабақ барысында TopIQ платформа бойынша тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды.
-
1-9 сынып оқушыларына арналған Қарашілік ауылының ЖОББ мектеп кітапханасынан оқуға ұсынылатын кітаптар.
-
Қарашілік ауылының ЖОББ мектеп кітапханасында “Балалар кітапханасы” жобасы аясында «Тілім - халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін ұйымдастырудағы мақсат патриотизмді тәрбиелеу және өз Отанына, халқына деген мақтаныш сезімін ояту.
-
4.12 күні Карашілік ауылының ЖОББ мектебінің 10 - сынып оқушыларымен “16 Желтоқсан -Тәуелсіздік күні “ мерекесіне орай “Ұлттық рух- тәуелсіздік тірегі” атты сынып сағаты өтті.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай "16 желтоқсан ұмытпаймыз..." атты қабырға газеті, "Айбыны асқақ, тұғыры биік - Тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесі және мектеп фойесінде "Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздік бастауы" атты стенд ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы ата бабамыздың ерлігін жастарға үлгі ету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі қалыптасу тарихына шолу жасау. Тарих пән мұғалімі Қ.А. Жуманов оқушыларға желтоқсан оқиғасы бойынша қысқаша мағлұмат берді. Кітапханашы Д.И.Бралинова кітап көрмесімен таныстырды.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ «Оқуға ұштар мектеп» жобасы аясында жұмыстар жалғасуда.
-
Биыл жазушы, журналист, қазақ әдебиетіне шытырман оқиғалы детектив жанрын алып келген қарымды қаламгер Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы. Осы мерейтойлы күнге орай Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында «Кемел Токаев- детектив жанрының дарабозы» атты тақырыпта кітап сөресі және қабырға газеті ұйымдастырылды.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, кітап оқуға баулу мақсатында кітапханашы Д.И. Бралинова 4 сынып оқушыларымен күбірлеп оқу өткізді.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ *Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында кітапханада Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жылдығына арнайы кітап сөре және қабырға газеті рәсімделді.
-
Оқуға құштар мектеп
-
"Жаңа кітаптар ағымы"
-
Қарашілік ЖОББМ-де кітапханашы Д.И. Бралинова "Ұлы Жеңіске - мәңгілік тағзым" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлы Жеңістің маңызы туралы мағлұмат беру; Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; Тарихи тағылым беру; Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін оятып, елжандылыққа, отан-сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ-нің оқушысы Кангужинова Әдемі "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған "Мағжан оқулары" аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырылған аудандық мәнерлеп оқу байқауына қатысты.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ "Оқуға құштар мектеп жобасы аясында бастауыш сыныптарда"Кітап оқы, оқы және оқы" атты бастауыш сынып мұғалімдері сабақ барысында және үзілісте дауыстап және ызыңдап кітап оқу өткізді.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында бастауыш сынып оқушыларымен "Кітап емханасы" атты ақция өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды кітапты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу. Ұйымдастырушы Д.И. Бралинова.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап ең қымбат сыйлық" атты акция жалғасуда. Қазақ тілі пән мұғалімі Кунсулу Т. мектеп кітапханасына әдеби кітаптар сыйлады.
-
10 наурыз күні Қарашілік ауылының ЖОББМ-нің оқушысы Орынбай Айзере балалар әдебиетінің ақыны Ескен Елубаевқа арналған "Көркем сөздің ақ желкені" аудандық оқырман байқауына қатысты. Жетекшісі Д.И. Бралинова.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханашы Д.И. Бралинова 6,7 сынып оқушыларына Қазыбек бидің 355 жылдығына арналған бейне жазба көрсетіп өмірбаянымен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп кітапханасында қабырға газетін ұйымдастырды.
-
«Отбасымен бірге оқимыз»
-
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қарашілік ауылының ЖОББМ-нің 6-сынып оқушылары Кангужинова Адема және Закрина Жасмин өздері оқып ұнатқаннан кейін 6-9 сынып оқушыларына "Херри Поттер" атты кітабын оқуға ұсынды.
-
«Қыста оқимыз»
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында 2-7 сынып оқушылары Тәуелсіздік күніне арнап өлеңдер мәнерлеп оқыды. Ұйымдастырушы кітапханашы Д.И. Бралинова
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ оқушылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханаға жаңа түскен "Херри Поттер" атты кітаптарын қызығушылықпен оқиды.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ-нің 4-сынып оқушысы Исаева Малика "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында орыс жазушысы С.Я. Маршактың 135-жылдығына арналған "Радуга-дуга" өлеңін оқып аудандық мәнерлеп оқу сайысына белсенді қатысты. Дайындаған орыс тілі пәні мұғалімі Абильдина Кульмайда Сапарбекқызы және кітапханашы Бралинова Динар Ибрагимқызы
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында "Оқуға құштар мектеп жобасы аясында Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды
-
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Республика күні мерекесіне арналып ұйымдастырылған «Қазақстан мемлекеттілігі» атты кітап көрмесімен 6-сынып оқушылары таныстырылды
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп фойесінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балаларға арнайы бұрыш орнатылған. Көрнекті ауылынан келіп оқитын оқушылар осы бұрыштағы ертегі, әңгімелерді қызығушылықпен оқиды(мектеп автобусын күтіп отырған уақыт аралығында)
-
"Оқуға құштар мектеп"
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ-де "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп фойесінде арнайы стенд рәсімделді
-
Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде бірінші қабатта "Оқуға құштар мектеп" бұрыш ұйымдастырылды
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Д.И. Бралинова 6 сынып оқушылармен «Ашық аспан астыңда оқырман залы» атты акциясын өткізді.
-
"Мектепке кітап сыйла" акция жүргізілуде
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беру мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен «Менің болашақ мамандығым» атты тренинг-сабақтар сериясы өтті . Педагог- психолог Маткенова К.С. оқушылармен Е.А. Климовтың «5-сферасы» және А.Е. Голомшток «Қызығушылық картасы» тестерін өткізді. Сонымен қатар, қазіргі кезде таңымал, жаңа, қызықты мамандықтар туралы тренинг-жаттығулары өткізілді.
-
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде кітапханашы Д.И. Бралинова "Телефонды таста, оқуды баста" атты акциясын өткізді. Акцияға орта және жоғары буынның сынып оқушылары қатысты. Олар мектеп оқушыларын телефонды салып қойып, кітап таңдап, оны оқып бастауға шақырды.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ-де «Smart бала-2022» сайысы өтті. Сайыстың үшінші кезенде «Оқұға құштар мектеп» жобасын насихаттау мақсатында оқушыларға мәнерлеп оқуға әр түрлі шығармалары берілді. Балалар берген шығарманы оқып, түйіндісін айтты және сұрақтарға жауап берді.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үзілісте 20-минуттық оқу» атты акциясы өтті.
-
Қаңтардың 27-ші жұлдызында Қарашілік ауылының ЖОББМ-де 9-сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы Д.И.Бралинованың ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 - жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынов - ұлт жанашыры" атты дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар Ахмет Байтұрсынов туралы мәліметтер оқып, сұрақтарға жауап берді. Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
-
Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Президент ұсынған 30 кітап» атты қабырға газеті безендірілді.
-
Қарашілік ауылының ЖОББМ “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Үзілісте 20 минуттық оқу” акциясы жүргізіліп жатыр
-
В библиотеке школы к 180-летию со дня рождения писателя и просветителя Ы.Алтынсарина в рамках проекта «Читающая школа» была оформлена книжная выставка «Ұшталған қалам».
-
8 сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» республикалык жобасы аясында Олжас Сулейменовтың 85 жылдық меретойына «Ұлы даланың – ұлы тұлғасы» атты бейнежазба дайындап ұсынды.
-
"Әскери кітаптардың мұқабасын қайтала" букчеленджі
-
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Жеңіс күніне арналған "Қанмен жазылған кітап" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
-
Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қазақстан жазушылары» атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды.
-
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашы Д.И. Бралинова ұйымдастырылған "Телефонды тастап, оқуды баста" атты ақция болып жатыр. Оқушылар өз қалаулары бойынша акцияға қатысып, басқа балаларды кітап оқуға шақырады.
-
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында жоспар бойынша «Ертегілер әлемі» және «Кітап – өмір ұстазы» атта кітап сөрелер ұйымдастырылды
-
XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсына қатысып, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 3-орын алған жеңімпазымыз Қарашілік ауылының жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қадірбаева Фаризаны құттықтаймыз! XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсында оқушысын сапалы дайындағаны үшін жетекшісі Махабанова Күлшат Аманжоловнаға алғыс білдіреміз!
-
XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсына қатысып, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 2-орын алған жеңімпазымыз Қарашілік ауылының жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Орынбай Жанеркені құттықтаймыз! XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсында оқушысын сапалы дайындағаны үшін жетекшісі Махметова Кунсұлу Тобетовнаға алғыс білдіреміз!
-
XXII Абай оқулары мен XI Махамбет оқулары конкурсына қатысып, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 1-орын алған жеңімпазымыз Қарашілік ауылының жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Мукашева Аделяны құттықтаймыз!
-
7 сәуір - Қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл. Соған орай Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Д.И. Бралинова 6 сынып оқушыларымен К. Әбдіқадыровтың "Қажымұқан" атты повестінен ұзынды дауыстап оқу өткізді.
-
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Д.И. Бралинова 22 наурыз мерекесіне орай оқушылардың қызыгушылығын ояту мақсатында «Ұлыстың ұлы күні» атты викторина дайындап өткізді.
-
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында «Ұлттық мереке – ұлттық болашағы» атты кітап және суреттер сөрелері ұйымдастырылды.
-
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр патшалығының алыбы – Жамбыл» атты қабырға газаті рәсімделді.
-
Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жыр патшалығының алыбы - Жамбыл" атты қабырға газеті рәсімделді. Д.И.Бралинова
-
2020-2021 оқу жылының Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі кітапханасының "Оқуға құштар мектеп" жобасы борйынша жоспар
-
Қарашілік орта мектебінің кітапханасында 1-сынып оқушыларына арналған «Мен кітаппен өмір есігін ашамын!» атты саяхат ұймдастырылды.
-
Мектеп кітапханашысы Д.И. Бралинова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған жаңа көркем шығармаларға бейне шолуды дайындады.
-
Қарашілік орта мектебінің кітапханасында интернет желісіне шыға алатын ноутбуктар іске қосылды.
-
Кәсіптік бағдарлау
Тәрбие жұмысы
-
17.12.2025
21 қараша күні Қарашілік ЖОББМ педагог-психологы Маткенова Қайыргүл Сагатовна 8, 9, 10-сынып оқушыларымен «Антибулл — мейірім мекені» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында антибуллинг жұмысының маңызы түсіндіріліп, қауіпсіз орта, достық атмосфера, өзара құрмет пен қолдау көрсету құндылықтары талқыланды. Тренингтің мақсаты: – оқушыларды буллингтің алдын алуға үйрету; – бір-біріне мейіріммен, сыйластықпен қарау мәдениетін қалыптастыру; – мектепте қолайлы әрі қауіпсіз орта құру. Мейірім үстемдік еткен жерде буллингке орын жоқ!
https://www.instagram.com/reel/DRUXyMgiKMJ/?igsh=MTZ2NGJtN3Vkd2c3Zw==
-
17.12.2025
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп парламентінің мүшелері оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы мен танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың қаржылық мәдениетін дамыту, ақшаны дұрыс жоспарлау, үнемдеу, бюджет құру және қаржылық тәуекелдерден сақтану дағдыларын қалыптастыру. Парламент мүшелері төмендегі тақырыптарды түсіндірді: • жеке бюджет жүргізу; • табыс пен шығыс түрлері; • ақшаны үнемдеу жолдары; • банк карталарын қауіпсіз пайдалану; • онлайн сатып алуда алаяқтықтан сақтану; • баланың жасына сай қаражатты басқару дағдылары.
https://www.instagram.com/reel/DRUXmwhiKc4/?igsh=MW80ZWZnNHRjcTM1eg==
-
17.12.2025
Әңгіме барысында балаларға: • пиротехникалық заттардың адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екені; • жарақат алу, күйік шалу, өрт шығару қаупі жоғары болатыны; • мектеп аумағында пиротехниканы алып жүруге және қолдануға толық тыйым салынатыны; • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435, 436, 442-баптарына сәйкес жауапкершілік қарастырылатыны түсіндірілді.
https://www.instagram.com/reel/DRUWZMIiC2c/?igsh=MW5wNmw2YTF1YTFrdg==
-
17.12.2025
20 қараша Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-11 сынып қыздарымен және ауылдың әжелерімен ерекше және жылы шара – «Әжелер клубы-тәжірибе мен мейірім ордасы» атты әжелер клубының кездесуі өтті. Әжелеріміздің өмірлік тәжірибесі мен даналығы әр қатысушыға шабыт берді. Кездесу барысында тек естеліктер мен әңгімелермен бөлісу емес, сонымен қатар көңілді ойындар, шығармашылық тапсырмалар, музыкалық сәттер де болды. Әрбір әже өз өнерімен, мейірімділігімен және шеберлігімен шараны ерекше етті. 21 қараша күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында пиротехникалық бұйымдарды (петарда, фейерверк және т.б.) қолдану қауіптілігі жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.
https://www.instagram.com/reel/DRRxPvGCEl6/?igsh=MWh5ZmlvbWh0cGNzdQ==
-
17.12.2025
Мектебімізге Бурабай ауданының полиция қызметкерлері — подполковник Омаров К.К., майор Акишев Ж.К. келіп, 10-11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/reel/DROrmLVCJD1/?igsh=MWNoOXR4MzU2dWVpcw==
-
17.12.2025
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде “ДосболLIKE : достық қолын ұсын!” республикалық акциясы аясында мектеп оқушылармен “Түрлі- түсті түбітпен сурет салу” мастер -класс, “Бір сурет - мың бөлшек”мазайкамен тапсырма орындау, “ӘнFest”караоке ән айту, “Жастар және спорт “ баскетболдан жарыс, интеллектуалды ойын бағыттары бойынша жүзеге асты. Мақсаты: Мектеп ортасында шығармашылыққа негізделген ұжымдық іс- әрекет арқылы дұрыс қарым- қатынас орнатуға жағдай жасау.
https://www.instagram.com/reel/DRCOv3oCIdB/?igsh=eDBpN3I5Y2RreHY3
-
17.12.2025
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың жолда жүру мәдениетін арттыру және жол қозғалысы ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында ПДД (Жол жүру ережелері) бойынша 4-сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға жол белгілерінің маңызы түсіндіріліп, түрлі бейнероликтер мен көріністер көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар «Жолда абай бол!» тақырыбында сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында балаларға жол қауіпсіздігін сақтау – өз өмірін қорғау екені ескертілді.
https://www.instagram.com/reel/DQ_gdyACPkF/?igsh=cjZ2ZWVzZjQ1dXI3
-
04.11.2025
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің даярлық сынып оқушыларымен көңілді әрі мазмұнды демалыс ұйымдастырылды. Бос уақыт – пайдалы уақыт дегендей, балалар демалысты қызықты әрі тиімді өткізді
-
04.11.2025
Қарашілік ауылының ЖОББМ 1-сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде «Бауырсақ- PARTI» кулинарлық жәрмеңкесіне қатысты.
-
04.11.2025
«Мен және менің қауіпсіздігім» тақырыбы аясында «Қауіпсіз демалыс» атты таныстырылым өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар демалыс кезінде өз қауіпсіздігін сақтау жолдары, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер және интернет қауіпсіздігі туралы мәлімет алды. Қауіпсіз демалыс — өз өміріңе жауапкершілікпен қараудан басталады!
-
04.11.2025
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3-4 сыныптарында «Қауіпсіз демалыс» және «Жол әліппесі» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға демалыс кезіндегі және жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, сақтық дағдыларын қалыптастыру болды.
-
28.10.2025
20 қазан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Жас Ұлан" ББЖҰ "Ұланбасы", "Өзін- өзі басқару" балалар ұйымына Мектеп Президентін сайлау өтті. Мектеп оқушылары, ұжымы белсене қатысты. Қорытынды: Закрина Жасмин 9-сынып оқушысы ең көп дауыс иеленіп Мектеп Президенті атанды. Құттықтаймыз
-
28.10.2025
Мектеп оқушылары қарттарға көмек көрсетті. Қайырымдылық пен ізгілік – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Осы мақсатта мектеп оқушылары ауылдағы қарт адамдарға көмір үйісуге көмектесті. Балалар үлкендердің алғысына бөленіп, өз еңбектерінің нәтижесін көріп, қуанышқа кенелді. Мұндай игі істер оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелейді.
-
28.10.2025
9 қазан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптарында “Күз - молшылық,күз - тоқшылық” атты іс-шарасы өтті. Мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге баулу. Оқушылар күз тақырыбында өз жобаларын қорғап, бейнероликтер, қолөнер туындылары мен көріністер ұсынды. Әр жоба ерекше мазмұнмен, әдемі безендірілуімен және мәнерлі сөздерімен ерекшеленді. Қатысушылар еңбектері үшін номинациямен марапатталып 1,2,3 орын алды
-
28.10.2025
Біздің мектепте “Желідегі қауіпсіздік” тақырыбында челлендж өтуде! Интернет — біздің өміріміздің бір бөлігі. Бірақ оны қауіпсіз қолдану — әркімнің міндеті! Ендеше, барлығымыз бірге қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастырайық!
-
28.10.2025
17.10 Қарашілік ауылының ЖОББМ-нің 10-11-сынып оқушылары “Желіде абай бол!” тақырыбында плакаттар көрмесіне қатысып, жұмыстарымен бөлісті.
-
15.10.2025
Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде 05.09 күні 1- 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс «АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған тақырыптар: 1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары; 2. Сынып ата-аналары комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері; 3. Сынып ата-аналары комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау; Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту
-
15.10.2025
19.09 күні Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінің бастауыш сынып оқушылары денсаулық күніне арналып ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Оқушылар табиғат аясында спорттық жаттығулар жасап, қимыл -қозғалыс ойындарын ойнады. Өткізген: бастауыш сынып мұғалімдері.