Биыл жазушы, журналист, қазақ әдебиетіне шытырман оқиғалы детектив жанрын алып келген қарымды қаламгер Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы. Осы мерейтойлы күнге орай Қарашілік ауылының ЖОББМ кітапханасында «Кемел Токаев- детектив жанрының дарабозы» атты тақырыпта кітап сөресі және қабырға газеті ұйымдастырылды.