31 наурыз "Досболайық" бағдарламасы аясында Щучье қаласында мәдениет үйінде бастауыш сынып оқушыларымен «Бременс музыканттары» театр қойылымына бардық. Театр – оқушылардың рухани дамуына үлкен әсер етіп, танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Оқушылар қойылымды ерекше қызығушылықпен тамашалап, кейіпкерлердің достық, бірлік және батылдық туралы әрекеттерінен жақсы әсер алды. Театр өнері арқылы балалардың эстетикалық талғамы дамып, өнерге деген сүйіспеншілігі артты. Мұндай мәдени іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді.

07.04.2026


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу