Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 26 мамырдан бастап 18 маусымға дейін жазғы мектеп жұмыс істеді. Ата -аналар ұсынысы бойынша математика, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен сабақтар өтті. Жазғы мектепке 9 оқушы қатысты. Сабақтың үстінде математикадан З.А. Исмаилова, орыс тілі және әдебиетінен К.С. Абильдина, ағылшын тілінен Н.К. Аубакирова әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білімдерін толықтырды. Ата-аналардың пікірі бойынша жазғы мектепте балалар меңгермеген тақырыптарды түсініп өз білімдерін бекітті.