Қаңтардың 27-ші жұлдызында Қарашілік ауылының ЖОББМ-де 9-сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы Д.И.Бралинованың ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 - жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынов - ұлт жанашыры" атты дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар Ахмет Байтұрсынов туралы мәліметтер оқып, сұрақтарға жауап берді. Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.