Мектеп психологы Маткенова К.С. ұстаздарға арналған "Оқушылардың оқу мотивация ережелері" парақшаларын таратты.
Оқушылардың оқу мотивацияның ережелері
- Үйренушілерде білімге деген қажеттілік тудыру, оның беретін пайдасы туралы пікірлесу («Бұл маған не береді? Пайдасы қандай?»)
- Әр үйренушінің білім игеру ісіне деген жеке жауапкершілігін қамтамасыздандыруға ұмтылу.
- Үйренушілердің қызығушылығын тудырып, оны үнемі қолдап, қыздырып отыру керек.
- Сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Әр сабақ прагматикалық (пайда тұрғысынан) сипат алуы керек.
- Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап, қолдап отыру керек.
- Үйренушілер бір-бірімен жарыспай, оларда өзімен-өзі жарысу сезімін қалыптастыруға ұмтылу керек.
- Жүргізуші (мұғалім, оқытушы) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі керек.
- Әр үйренушінің жеке мотивтерін айқындау (үйренушінің «Бұл тақырып мен үшін неліктен қызықты әрі пайдалы?», «Мен неліктен осы сабаққа белсене қатысудамын?», «Бұл сабақтан мен не аламын?» сияқты сұрақтарға жауаптары).
- Сабақ барысында тұлға аралық қатынастардың дамуына ықпал жасау.
- Таңдауды әрқашан да үйренушілердің өздері жасаған жөн.
Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері.
- Қызықты бір оқиғаны сипаттап беріңіз.
- Қандай да бір талқыланған мәселе бойынша үйренушілердің пікірін білу үшін олардың қол көтеріп, дауыс беруін (жақтап немесе қарсы шығып) сұраңыз.
- Сұрақ қойыңыз.
- Уәде беріңіз.
- Үйренушілерді күлдіріңіз.
- Даулы немесе басқалардың көзқарасына қарама-қарсы пікір айтыңыз.
- Әдеттен тыс мәліметтер келтіріңіз.
- Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдарды қолданыңыз.
- Өз өміріңізден немесе кәсіби тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.
- Оқушылардың шешімін қажет ететін проблемалық ситуацияны суреттеңіз.
Қызығушылық келесі әрекеттерден бәсеңдейді
- Мұғалім өзін оқушыдан тысқары ұстаса.
- Мұғалім оқушыларды бәсеңді (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап, оларды сол күйде қалдырса.
- Мұғалім өз ұсыныстарының (идеяларының) оқушылар үшін міндетті түрде қажетті болады деген ойы мен пікірі.
- Мұғалімнің оқушыға сын айтуы, олардың кемшіліктерін бетіне басуы.
- Оқушылардың мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бере алмай, өздерін дым білмес ретінде сезінуі.