22 қаңтар күні Қарашілік ЖОББ мектебінде 10–11 сынып оқушылары арасында «Қаржы сақшысы» атты қаржылық қауіпсіздікке арналған компьютерлік ойын өткізілді. Ойын барысында оқушылар қаржылық алаяқтық түрлерімен танысып, жеке деректерді қорғау, қауіпсіз онлайн төлем жасау және қаржыны дұрыс басқару бойынша маңызды білім алды. Интерактивті формат оқушылардың қызығушылығын арттырып, қаржылық сауаттылықты тәжірибе арқылы меңгеруге мүмкіндік берді.