13 ақпан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдерімен «Мұғалімнің конституциялық сауаттылығы және оның білім беру ортасына әсері» тақырыбында педагогикалық консилиум өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде педагогтің кәсіби қызметіндегі құқықтық сауаттылықтың маңызы талқыланды. Конституциялық сауаттылық – бұл бап нөмірлерін жатқа білу ғана емес, мектеп ішіндегі білім беру ортасының сапасы мен ахуалын айқындайтын маңызды кәсіби құзыреттілік екені атап өтілді. Бүгінгі таңда мұғалім заңдылық, академиялық адалдық және білім алушылар мен тәрбиеленушілерге құрмет қағидаттарына негізделген академиялық орта қалыптастырады. Педагогтердің құқықтық мәдениетін арттыру сенімді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.

Қарашілік ауылының ЖОББ мектеп кітапханасында “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Шын жүректен – кітап сыйла” атты акция өтті. Басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және мектеп кітапханасының қорын толықтыру. Акция аясында 9–10 сынып оқушылары қатысты, олар мектеп кітапханасына өз жүректерінен шыққан сый ретінде көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптарды тарту етті. Олардың қатарында қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындылары бар. “Шын жүректен – кітап сыйла” акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз!

9-сынып оқушыларының ата –аналарымен жиналыс өтті. Басты мақсаты – 9-сынып оқушыларының оқу үлгерімі, тәртібі және алдағы маңызды кезең – қорытынды аттестаттау туралы ақпарат беру. 9-сынып – оқушылар үшін жауапты әрі шешуші кезең. Биыл олар негізгі орта білімді аяқтап, емтихан тапсырады. Сондықтан әр баланың білім сапасына, сабаққа қатысуына және дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.Оқушылардың қауіпсіздігі жайлы да көптеген ақпараттар айтылды.Сонымен қатар мектеп аумағына алып келуге тыйым салынатын заттар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, өткір, жанғыш, жарылғыш, зиян келтіруі мүмкін және заңмен тыйым салынған заттарды мектепке алып келуге болмайтыны ескертілді. Бұл талаптардың оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілгені түсіндірілді. Сынып жетекші: Аккожина А

Мекен жайы:
Бурабай ауданының мемлекеттік мекемесі "Қарашілік орта мектебі"
Щучинск, 021716 Ақмола облысы Бурабай ауданы