2 сәуір күні 3-сынып оқушылары еңбекке баулу сабағында ерекше белсенділік танытты. Сабақ барысында оқушылар өз қолдарымен алжапқыш тігіп, тігін өнерінің алғашқы дағдыларын меңгерді. Бұл жұмыс олардың ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және еңбекқорлыққа баулуында маңызды рөл атқарды.