Заң мен тәртіп" акциясына орай мектебімізде 5–7 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында әңгімелесу өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Мақсаты – оқушылардың заңға деген құрметін қалыптастыру, жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету және құқықтық мәдениетін дамыту.