18 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Концерт барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, ән шырқап, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Әсем әуен мен көркем қойылымдар көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл мерекелік кеш – халқымыздың бірлігі мен татулығын, береке-бірлігін насихаттайтын жарқын шара болды. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен амандық тілейміз!