9 қазан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптарында “Күз - молшылық,күз - тоқшылық” атты іс-шарасы өтті. Мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге баулу. Оқушылар күз тақырыбында өз жобаларын қорғап, бейнероликтер, қолөнер туындылары мен көріністер ұсынды. Әр жоба ерекше мазмұнмен, әдемі безендірілуімен және мәнерлі сөздерімен ерекшеленді. Қатысушылар еңбектері үшін номинациямен марапатталып 1,2,3 орын алды