20 қараша Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-11 сынып қыздарымен және ауылдың әжелерімен ерекше және жылы шара – «Әжелер клубы-тәжірибе мен мейірім ордасы» атты әжелер клубының кездесуі өтті. Әжелеріміздің өмірлік тәжірибесі мен даналығы әр қатысушыға шабыт берді. Кездесу барысында тек естеліктер мен әңгімелермен бөлісу емес, сонымен қатар көңілді ойындар, шығармашылық тапсырмалар, музыкалық сәттер де болды. Әрбір әже өз өнерімен, мейірімділігімен және шеберлігімен шараны ерекше етті. 21 қараша күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында пиротехникалық бұйымдарды (петарда, фейерверк және т.б.) қолдану қауіптілігі жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу