Мектеп оқушылары қарттарға көмек көрсетті. Қайырымдылық пен ізгілік – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Осы мақсатта мектеп оқушылары ауылдағы қарт адамдарға көмір үйісуге көмектесті. Балалар үлкендердің алғысына бөленіп, өз еңбектерінің нәтижесін көріп, қуанышқа кенелді. Мұндай игі істер оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелейді.