21 қараша күні Қарашілік ЖОББМ педагог-психологы Маткенова Қайыргүл Сагатовна 8, 9, 10-сынып оқушыларымен «Антибулл — мейірім мекені» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында антибуллинг жұмысының маңызы түсіндіріліп, қауіпсіз орта, достық атмосфера, өзара құрмет пен қолдау көрсету құндылықтары талқыланды. Тренингтің мақсаты: – оқушыларды буллингтің алдын алуға үйрету; – бір-біріне мейіріммен, сыйластықпен қарау мәдениетін қалыптастыру; – мектепте қолайлы әрі қауіпсіз орта құру. Мейірім үстемдік еткен жерде буллингке орын жоқ!