Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп парламентінің мүшелері оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы мен танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың қаржылық мәдениетін дамыту, ақшаны дұрыс жоспарлау, үнемдеу, бюджет құру және қаржылық тәуекелдерден сақтану дағдыларын қалыптастыру. Парламент мүшелері төмендегі тақырыптарды түсіндірді: • жеке бюджет жүргізу; • табыс пен шығыс түрлері; • ақшаны үнемдеу жолдары; • банк карталарын қауіпсіз пайдалану; • онлайн сатып алуда алаяқтықтан сақтану; • баланың жасына сай қаражатты басқару дағдылары.



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу