21 қаңтар күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінінде «Тәрбие және жауапкершілік» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікпен қатар, заң талаптары туралы да маңызды ақпараттар айтылды. Жиналыста жалған ақпарат тарату – шындыққа қарсы қылмыс екені, оның қоғамға тигізер зияны мен заң алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді. Қоғамдық орындарда балағат сөз қолданудың құқық бұзушылық болып саналатыны және оның салдары талқыланды. Сонымен қатар, ата-аналармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, мектеп пен отбасының бірлескен тәрбиелік жұмысының маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды