19.02.2024 ж. Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында бракеражды комиссия мүшелері кезекті бақылау жүргізді.Комиссия оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын, оқушылардың күнделікті ас мәзірі бекітілген ас мәзіріне сәйкестігі мен асхананың санитарлық жағдайын талапқа сай болуын, азық-түліктің сертификаттарының мерзімін тексерді. Комиссияның қабылданған шешімі: Асханада жұмысы жақсы ұйымдастырылған, санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық.