1 маусым балалар күні.
1 маусым балалар күніне арналған "Бақытты балалық шақ" атты іс шара өтті. Мереке әдемі әуенмен басталды. Мектеп директорының міндетін атқарушы Махабанова К.А балаларды құттықтады. Іс шарада оқушылыр 3 топқа бөлініп КВЕСТ ойыны ойнатылды. Ойын 5 аялдамадан тұрды. 1 аялдама Театр, 2-ші "Кел ойнайық", аялдамасында 3 тілдік ойынды ағылшын мұғалімі Н.Қайратқызы өткізді. 3-ші аялдама "Бояулар құпиясы", балалар жаз тақырыбында асфальтқа сурет салды, 4-ші аялдама "Ән шырқайық", балалар кез-келген әуенді тауып, әнін айтқызу. 5-ші аялдама "Шынықсын шымыр денеміз" спорттық ойындар ойнатылды. кейін балаларды асханада "Тәтті дастархан" тосып тұрды. Ойынның қорытындысы 3 топта 31 баллға ие болып жеңіске жетті. Мереке флешмобпен аяқталды. Балалар жақсы көңіл күймен үйлеріне тарады.

-
08.06.2023
Мектебімізде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру алаңы ашылып, мектеп директоры уалиева М.Б. балаларды құттықтады. Ауыл кәсіпкері Укпенова С.Т. кішкентай бүлдіршіндерді құттықтап тәтті дастархан тарту етті.
-
08.06.2023
Мектебімізде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру алаңы ашылып, мектеп директоры уалиева М.Б. балаларды құттықтады. Ауыл кәсіпкері Укпенова С.Т. кішкентай бүлдіршіндерді құттықтап тәтті дастархан тарту етті.
-
21.06.2022
Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңында 1 маусым күні « Бурабай балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбында салтанатты ашылуы өтті.
-
03.06.2021 Бүгін 1 маусым Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектеп жанында «Айгөлек» алаңы мен «Арай» тілдік мектебінің ашылу салтанатымен қатар Балаларды қорғау күніне орай іс-шара болды. Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары қатысты. Мектеп директоры М.Б.Уалиева мен директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Кожикова Б.А. құттықтап тілектерін білдірді. Оқушылар ән айтып, би билеп, спорттық ойындарға қатысып жарысты. Іс-шара соңында ауыл демеушілері Укпенова С.Т., Рахматулина Г. және ТОО «Журавлевка-1» генеральный директоры Кудайбергенов Г.К. дайындаған «Тәтті дастарханмен» жалғасын тапты.