«Бурабай ауданы Қарашілік орта мектебі» ММ-нің (білім беру ұйымының толық атауы) ата-аналар мен баланың өзге де заңды өкілдерімен жасаған келісім-шарты

          Қарашілік ауылы, Школьная к. 1Б______            № _____                                   «____»________  20__ж.                

                 (шартты жасасу орны)

Әрі қарай «Білім беру ұйымы» деп аталатын Ақмола облысы Бурабай ауданы  Қарашілік ауылы Школьная көшесі 1Б мекен-жайында орналасқан Бурабай ауданының «Бурабай ауданының білім бөлімінің Қарашілік орта мектебі» ММ атынан мектеп директоры м.а. К.А.Махабанова бір жағынан  екінші жағынан төменде көрсетілген  ата-ана мен  баланың өзге де заңды өкілдерімен келісім-шарт жасауының мазмұны:

_____________________________________________________________________________________

(Аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда),  бұдан әрі ата-ана немесе оқушының өзге де заңды өкілі деп аталады _____________________________________________________________________________________

                                                 (Баланың ТӘА (бар болса), туған күні,

_____________________________________________________________________________________

                                 жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН),  мекен-жайы бойынша тұратындар: _____________________________________________________________________________________

 

1. Білім беру ұйымына баланы оқуға қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің тісті стандартында көзделген рәсімдерге сәйкес Қарашілік орта мектебінің 1 қыркүйек 2018 жылғы  № 25 бұйрығы негізінде және осы келісім - шарттың негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, осы келісім-шарт тараптарының құқықтары мен міндеттерін белгілеумен білім беру ұйымы  мен ата-аналар мен баланың басқа да заңды өкілдері арасындағы оқу кезеніңдегі қарым-қатынасы, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетігін реттейді.

2. «Бурабай ауданы Қарашілік орта мектебі» ММ-нің  құқықтары мен міндеттері:

2.1. МЖМБС мен ТОЖ-на сәйкес сабаққа қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін деңгейінде сабақ өткізу тиіс.

2.2. Оқушының эмоционалдық әл-ауқатына оның жеке тәсілін жүзеге асыру, баланың  даму ерекшеліктерін ескере отырып, оның интеллектуалдық дене және жеке дамуын қамтамасыз ету оқушының дене және психикалық денсаулығын нығайтуына қамқорлық жасау.

2.3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбиелеу, оқыту үшін қолайлы жағдай жасау.

2.4. . Оқушының жасына, жеке ерекшеліктеріне, білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес қызметін ұйымдастыру.

2.5. ҚР заңнамасымен қарастырылған шегінде оқушыларға медициналық қызмет көрсету, емдеу-алдын алу іс-шараларын, санитарлық-гигиеналық жұмыстарды жүзеге асыру.

2.6. Оқушыларға спорттық секциялар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер(негізгі білім беру қызметінің шеңберінен тыс):  коммерциялық және коммерциялық емес  негізде қосымша білім беру қызметтерін ұсыну.

2.7. Оқушының қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жағдай. жасау. Оқушы заңнама бойынша тегін ыстық тамақ берілетін балалар санатына жатқызылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде осы мәртебені анықтауға ББҰ көмек көрсетуге міндеттенеді.

2.8. ББҰ ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес бала мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету (ұялы телефон, бағалы заттар, әшекейлерден басқа). Мектепте, мектеп  ауласында ұялы телефон немесе бағалы заттар жоғалып, не жарамсыз болып қалған жағдайда олар үшін мектеп әкімшілігі жауап бермейтінін  ескертеді.

2.9. Баланы тәрбиелеуде және оқытуда, оның дамуындағы ауытқушылықтарды түзетуде ата-аналарға өзге заңды өкілдерге біліктілік көмек көрсету.

2.10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған кепілді тегін оқулықтармен қамтамасыз ету шеңберінде оқушыны оқу әдебиетімен қамтамасыз ету.

2.11. ББҰ білім алушы мен оның ата-аналарынан және басқа да заңды өкілдерден ББҰ-ның жарғысын, ББҰ-ның ішкі тәртіп ережелерін және оның қызметін регламенттейтін ББҰ-ның басқа да актілерін сақтауды талап етуге құқылы.

 

3. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:

3.1. ББҰ  Жарғысын және осы келісім-шартты сақтау (оқушылардың бағалы заттар: сырға, сағат, әшекей бұйымдар тағып келіуге және ұялы телефон әкелулеріне тыйым салынады).

3.2. Баланың білім алуы үшін қажетті жағдай жасау және оны тәрбиелеу, оқыту үшін жауапты болу.

3.3. Баланың ата-аналар жиналыстарына қатысу, қажет болған жағдайда оқу-тәрбие процесі бойынша жеке педагогикалық әңгімелесу және нақты педагогикалық көмек көрсету үшін әкімшіліктің немесе мұғалімдердің шақыруы бойынша ББҰ-ға келу.

3.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ББҰ-ға оқушысының кінәсінен келтірілген материалдық шығынды өтеу

3.5. ББҰ-ға баланың  таза түрде гигиеналық талаптарға және сабақ ерекшелігіне сәйкес таза киім мен таза аяқ киімде келуін, таза ауысымдық аяқ киімнің болуын қамтамасыз ету, сонымен қатар ББҰ-ның  бірыңғай мектеп формасы бойынша талаптарын сақтау.

3.6. Оқушыларды қажетті кеңсе құралдарымен және спорттық киіммен қамтамасыз ету.

3.7. Сабақта баланың болмауы себебінен ББҰ –ға  хабардар ету.

3.8. Баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша ББҰ-мен бірлесіп жұмыс  жасау.

3.9. ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруға қатысу.

3.10. Ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің шешімдерін, ата-аналар жиналысының шешімдерін орындау.

3.11. Ата-аналар комитеті арқылы ББҰ-ның  басқару органдарының жұмысына қатысу.

3.12. Өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ББҰ-дан ақпарат алу.

3.13. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша консультациялық көмек алу.

3.14. Олардың балаларының шарттық негізде қосымша қызметтер алуы.

4. Тараптар осы Келісім-шарттың тараптары ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабында бекітілген Білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтары мен міндеттерін сақтауға бейілділігін растайды.

5. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап қолданылады және тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар оған қосымша нысанында ресімделеді. Тараптар міндеттерін  орындамағаны немесе қажетті түрде  орындамағаны үшін заңды түрде жауапты болады.

6. Шарт баланың ББҰ-ғы  оқу кезеңіне жарамды.

7. Шарт оқушының оқу тілінде екі данада жасалады: бір данасы оқушының «Жеке ісінде», екіншісі - ата-анада және өзге де заңды өкілде сақталады.

 

 

ОСЫ КЕЛІСІМ-ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙҒАН ТАРАПТАР:

 

 

Білім беру ұйымы

 

«Бурабай ауданы Қарашілік орта мектебі» ММ Ақмола   облысы      Бурабай        ауданы Қарашілік   ауылы    Школьная       көшесі 1 Б жұмыс телефоны:  95-2-16

Мектеп  директоры м.а. ___________________

                                                    К.А.Махабанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Ата-ана немесе  өзге де заңды өкіл                                                                                   ________________________________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толығымен)

________________________________________

________________________________________

(туған күні, ЖСН, жеке куәлігінің №, қашан және кім берді)

________________________________________

________________________________________           

                 (үй мекен-жайы, телефоны)

________________________________________

________________________________________________________________________________

                           (қолы)