Бүгін 1 маусым Қарашілік ауылының жалпы білім беретін мектеп жанында «Айгөлек» алаңы мен «Арай» тілдік мектебінің ашылу салтанатымен қатар Балаларды қорғау күніне орай іс-шара болды. Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары қатысты. Мектеп директоры М.Б.Уалиева мен директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Кожикова Б.А. құттықтап тілектерін білдірді. Оқушылар ән айтып, би билеп, спорттық ойындарға қатысып жарысты. Іс-шара соңында ауыл демеушілері Укпенова С.Т., Рахматулина Г. және ТОО «Журавлевка-1» генеральный директоры Кудайбергенов Г.К. дайындаған «Тәтті дастарханмен» жалғасын тапты.

03.06.2021


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу