24 қазан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отаншылдық сезімін арттыру, ел тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу болды. Концерт барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, еліміз туралы өлеңдер оқыды, би биледі. Әр сынып өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.