Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушылары Zoom платформасы арқылы «Суды үнемде — болашақты сақта» тақырыбында эко-сағатқа қатысты. Іс-шара барысында оқушылар судың маңызы, оны үнемдеп пайдалану жолдары және табиғатты қорғаудың қажеттілігі туралы мағлұмат алды. Қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсініп, күнделікті өмірде суды үнемдеудің тиімді тәсілдерімен танысты.