Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында заң мен тәртіп айлығы аясында қаңтардың 19-ы Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушыларымен «Заң мамандықтары» тақырыбында Полиция зейнеткері Темиров Акылбек Советович түсіндірме жұмысын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар құқық саласындағы мамандықтармен танысып, заңгер, адвокат, прокурор, судья сынды кәсіптердің қоғамдағы маңызы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар мамандық таңдауда заң саласының ерекшеліктері мен талаптары түсіндірілді. Сабақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағытталды.