Қаңтардың 27-сі Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары Ұрымқай ауылдық мәдениет үйіне барып, «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмін тамашалады. Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бос уақыттарын тиімді әрі мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді.