20 қаңтар 2026 жылы, 9-сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» мектептен тыс іс-шара өткіздік. Іс-шараның мақсаты – болашақ мамандықты дұрыс таңдау, өз қабілетімізді тану және өмірлік жолға саналы қадам жасау. Сабақ барысында оқушылар: • мамандықтар әлемімен танысты; • «Адам–табиғат», «Адам–техника», «Адам–адам» және басқа бағыттарды зерттеді; • қазіргі заманның табысты мамандықтары туралы ақпарат алды; • «Мамандық таңдаудың 7 қадамы» арқылы өз келешегіне бағыт алды; • психологиялық тест – «геометриялық фигуралардан адам салу» – арқылы мінезі мен бейімділігін анықтады. Оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, тәжірибе арқылы өзіне лайық мамандықты анықтауға үйренді. Ж. Аймауытов айтқандай:”Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ кез келгеніне икемділік қажет” Болашақ – бүгінгі дұрыс таңдаудан басталады! Өткізген: педагог-психолог Маткенова К.С.