26 желтоқсан Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5–11 сынып оқушыларының қатысуымен Жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында оқушылар түрлі қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Сыныптар арасындағы белсенділік пен ұйымшылдық ерекше байқалды. Мерекелік безендіру мен әсем музыка кештің сәнін артты. Оқушылар жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Ұйымдастырушылардың еңбегі мен жауапкершілігінің арқасында кеш әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті.