Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде зум арқылы ДЧС қызметкерлері 7-11 сынып оқушыларына арналған балалар қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде маңызды мәліметтер берілді. Оқушылар белсенді қатысып, пайдалы ақпарат алды.