10 желтоқсан күні Қарашілік ауылының ЖОББМ-де “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн” халықаралық кампаниясы аясында ата-аналарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала қауіпсіздігі, эмоционалды қолдау және отбасы ішіндегі сенімді қарым-қатынас орнату тақырыптары түсіндірілді. Педагог-психолог Маткенова К.С. ата-аналармен бір-неше тренингтер мен интерактивті жаттығулар жүргізді: “Сұрақ -жауап” – ата-аналар жылдам ойлану, дұрыс шешім қабылдау және түрлі жағдайларда әрекет етуді талқылады; “Ашық микрофон”– қатысушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, бала тәрбиесіне қатысты маңызды ойларымен бөлісті; «Бала қауіпсіздігі – ата-ананың жауапкершілігі» атты тренинг – отбасылық қарым-қатынаста сенім, ашықтық және зорлықсыз тәрбие қағидалары қарастырылды. Іс-шараға мектеп директоры Уалиева М.Б қатысып, ата-аналарға маңызды ақпараттар берді. Жиналыс ашық, белсенді және түсіністікке толы атмосферада өтті. Ата-аналар өз баласының қауіпсіздігі мен эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерімен танысты.

Просмотров: 77


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу