30 қазан күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3-4 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге кинотеатрға барып, қызықты мультфильм тамашалап қайтты. Балалар өз демалыс күндерін көңілді әрі мазмұнды өткізді. Кино барысында оқушылар жақсы әсер алып, достарымен бірге уақыт өткізудің қаншалықты қызықты екенін сезінді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге, бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға және ұжымдық рухты қалыптастыруға мүмкіндік береді.