Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушыларымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша ашық аспан астындағы Ботай мұражайына саяхат жасадық. Саяхат балаларға қатты үнады. Саяхат жүргізуші оқушыларды мұражайдың жеті бөлмесімен таныстырып, ежелгі адамдардың тұрмысы туралы көп мәліметтер берді. Балалар тарих пәнінен оқығандарын айтып, саяхат жүргізушіге сұрақтарын қойды. Әр бөлменің ерекшеліктері, бөлме арасын жалғастырып жатқан дәліздер балаларды қызықтырды. Оқушылар саяхаттан үлкен әсер алып қайтты. Ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.