Қарашілік ауылының ЖОББ мектебінде бүгін 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынның қадірлі қонақтары ретінде зейнеткер үстаздар, мектеп оқушыларының ата – аналары және аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Қосыбаева Әсия Таупыковна қатысты.