26 мамырдан бастап мектебімізде жазғы мектеп жұмысы басталды. Барлық мектеп оқушыларына өткен оқу материалын қайталауға, күрделі тақырыптарды игерудегі олқылықтарды жоюға, негізгі пәндер бойынша білім тетіктерін толтыруға мүмкіндік беріледі және қашықтан оқығандар үшін жазғы мектептің маңызы ерекше. Жазғы мектепте үй жұмысы болмайды, оқу үлгерімі бағаланбайды, еркін киіммен келуге болады. Күніне 40 минуттық 3-4 сабақ өткізіледі, сонымен қатар жеке консультациялар ұсынылады. Ең алдымен, санитарлық- эпидемиологиялық режим мен жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет. Жазғы мектеп жұмысына сәттілік тілейміз!

28.05.2021


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу