Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен белгілі қазақ жазушысы Сәкен Жүнісовке арналған "Адалдық сағатын" өткіздік. С. Жүнісов жан- жақты, парасатты, өнердің әрбір саласынан өзін танытқан тұлға. Жазушының қаламынан шыққан әрбір еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, оқушылардың рухани асыл қазынасына айналып отыр.