Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Жалпы, дүние жүзінде тағы да дертке шалдыққандар санының күрт өскені байқалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы екі аптада Еуропада ауруға шалдыққандар саны артқан. Оның ішінде халықтың 50 пайызы «омикроннан» зардап шегеді. Біріншіден, аурушаңдықтың артуына халықтың белсенді ішкі және сыртқы көші-қоны, ұзақ демалыстар, сондай-ақ елдегі толқулар себеп болып отыр.