19.09 күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында жаңа 2025-2026 оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттер айтылды. "Адал Азамат" біртұтас бағдарламасы аясында ата-аналармен бірге жүзеге асырылатын оқу-тәрбие үдерісі, "Досболайық" бағдарламасын жүзеге асыру жолдары бойынша түсіндірілді. Сонымен қатар, бала қауіпсіздігін сақтау жөніндегі ата-ана жауапкершілігі, ата-аналар комитетін трансформациялау, АПҚО жұмысы және бірыңғай мектеп формасын сақтау және т.б. жаңа оқу жылының талаптары қаралды.