17.12. күні мектеп асханасында бракераждық комиссияның жоспарлы тексерісі өтті. Тексерудің негізгі мақсаты — оқушыларға ұсынылатын дайын тағамдардың сапасын бағалау, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын және тағам дайындау технологиясының дұрыс орындалуын бақылау. Тексеру қорытындысы бойынша бракераждық акт жасалды. Жалпы, мектептегі тамақтануды ұйымдастыру қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланды.