15 қаңтар күні «Адалдық пен әділдік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға адалдық пен әділдік ұғымдарының маңызы, күнделікті өмірде адал болу және әділ шешім қабылдаудың мәні түсіндірілді. Іс-шара барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат алып, Бала құқықтары туралы конвенциямен танысты. Сонымен қатар, адалдық пен әділдікке байланысты жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.