1 қыркүйек - Білім күні Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 1–11 сынып оқушыларына арналған лездеме өткізілді. Лездемеде 1-сынып бүлдіршіндері өлеңдерін оқып, 11-сынып оқушылары жылы лебіздерімен бөлісті. Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу мәртебесіне 11-сынып оқушысы Жаслан Ерасыл мен 1-сынып оқушысы Батырғали Аяна ие болды. Шара көңілді әрі мазмұнды болды. Мереке құтты болсын! Жаңа оқу жылы шығармашылыққа толы, толағай табыстарға қол жеткізер жыл болсын!